Петропавл қаласында «AITU KAZROBODRONE» халықаралық дрон-рейсинг байқауының іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Бұл — киберспорт пен жоғары технологияны ұнататын жандар үшін маңызды оқиға. Ел аумағында өтетін бұл жарыс талантты дрон ұшқыштарына виртуалды кеңістікте өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Турнир бірнеше кезеңнен тұрады. Ең үздік қатысушылар финалда кездесіп, чемпион атағы мен бағалы сыйлықтар үшін бақ сынайды.

СНХР: ЗАРИНА ҚҰТПАНОВА, ASTANA IT UNIVERSITY ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ


СНХР: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, SKO HUB ӨҢІРЛІК IT-ХАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


AITU KazRoboDrone — бұл жай ғана дрон жарысы емес, бұл — болашаққа бастар жол. Себебі технологиялар – ол ертең емес, бүгінгі күннің өзегі.

СНХР: АРТУР СИРАЗЕТДИНОВ, ҚАТЫСУШЫ


Қатысушылар симулятор арқылы дрон басқару шеберлігін көрсетіп, 1 000 000 теңге көлеміндегі жүлде қоры үшін жарысады.