Айналамызда түрі де түсі де әртүрлі, кішкентай немесе үлкен құстар жетерлік. Құстарды суретке түсіру өте қызықты жұмыстардың бірі. Сары шымшық, торғай, бөдене, тырна. Өңірімізде құстардың 300-ге жуық түрі мекен етеді. Әрқайсысы ерекше.

Михаил Калашников қанатты достарымыз жайлы көп ақпар біледі. Студенттік кезінен құстарды суретке түсіре бастаған. Қазір бердвотчерлер клубының жетекшісі. Жалпы жыл сайын ерекше құстар фотоаппарат обьективінде. Бүгінде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетің 1-4-ші курс студенттері 5 топқа бөлініп, әдемі кадрлар жасап жатыр. Петропавлдағы саябақтар мен аллеяларда көктемде құстардың 20-ға жуық түрін кездестіруге болады. Тек әдемі өнер туындысын жасау кезінде құстарды үркітіп алмау керек. Сондықтан да бұл жұмыс сабырлық пен жігерді қажет етеді

СНХ: МИХАИЛ КАЛАШНИКОВ, СҚО БЕРДВОТЧЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ