Петропавлда «Қажымұқан» фильмі көрсетілді
Облыс орталығында қала тұрғындары мен қонақтарына «Қажымұқан» тарихи көркем фильмі көрсетілді. Фильмде алып күш иесінің балалық шағы, спорттағы жетістігі және өз ұлтына деген сүйсіпеншілігі айқын көрініс табады.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы - қазақ халқының нағыз қаһарман азаматы. Ол күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы болған тұлға. Айта кетейік, көркем фильмнің режиссері – Қанағат Мұстафин. Аталмыш фильм ең алғаш рет қалың көрермен назарына 2024 жылы ұсынылған еді.
СНХ: ЖАМБЫЛ ТАСЕМЕНОВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
«Креатив» орталығында көрсетілген фильмді тамалаушаға қаладағы 6637 әскери бөлімінің 40-тан астам сарбазы келді. Сондай-ақ. өңірдің спортшылары мен спорт саласының үздіктері де аталмыш туындыны тамашалап, алған әсерлерімен бөлісті.
СНХ: ЖАНДОС НҰРБЕК, «ҚЫЗЫЛЖАР АРЛАНДАРЫ» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ
Көрермен залы адамға лық толы болды. Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан туралы көркем фильм көпшіліктің көңілінен шықты.