СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Алқалы жиында атқарылған жұмыстар баяндалып, Қазақстанның дамуына, елдің бірлігіне үлес қосқан жандар марапатталды. Оларға Ассамблеяның 30 жылдығына орай мерейтойлық медаль табысталды. Жақында Астанада Ассамблеяның кезекті сессиясы өтеді. Оған өңірде 40-қа жуық делегат қатысады.
Оң қолды жүрек тұсқа қойып, Әнұранды сезіне шырқаған жандардың басым бөлігі - жергілікті Ассамблеяның мүшелері. Қоғамның айрандай ұюына сүбелі үлес қосып отырған жандар осылар. Олар әрдайым құрметке, қошеметке лайық. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жиі айтады.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Атқарылған жұмыс атан түйеге жүк болады. Жақында елорда төрінде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтпек. Оған өңірден 40-қа тарта делегат қатысады. Астанадағы алқалы жиын қарсаңында жергілікті институт кеңесінің кеңейтілген отырысы ұйымдастырылды. Басқасу басында ілкімді істер жіпке тізілді.
СНХ: АЛЕКСЕЙ ХАН, СҚО ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНБАСАРЫ
Осы және өзге де жұмыстар әртүрлі буынды қамтиды. Түрлі жиындарда алпыстағы ақсақалды да, алтыдағы баланы да кездестеріміз. Бұл дұрыс бастама деуге толық негіз бар. "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" дегендей, қоғамдық өмірге белсене араласқан жас ертең ұлы жолды жалғайды, тұрақтылықты ту етеді. Сырт көзге мұндай шаралар теңізге тамған тамшыдай болып та көрінуі мүмкін. Дегенмен, елдің бірлігі тырнақтай істерден құрылады, сол арқылы жұртшылық жұдырықша жұмылады.
Қазақстанның дамуына, елдің бірлігіне үлес қосқан жандар кеңес барысында марапатталды. Оларға Ассамблеяның 30 жылдығына орай мерейтойлық медаль табысталды.
СНХ: ЗӘУРЕ ҚАРТОВА, СҚО ҚХА ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық кеңесінің кеңейтілген отырысында филиал төрағасының қоғамдық орынбасары ауысты. Бұл қызметке еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Рашбиль Евдаевтің кандидатурасы ұсынылды. Кеңес мүшелері ұсынысты бірауыздан қолдады.