Облыс полицейлері «Мерген» жеделалдын алу шарасы аясында аңшылықпен айналысатын тұрғындарды тексеруді бастады. Мақсат — олардың атыс қаруларының аңшылықтан бөлек басқа қылмыстық істер мен құқықбұзышулықтарға қатысы бар жоғын анықтау.

Аңшылардың көп жіберетін қателіктері, қару ұстауға рұқсат беру құжаттарының мерзімі аяқталғана және оны қайта рәсімдеу керетігіне мән бермейтіндігінде. Сондай-ақ олардың арасында қаруды сақтау ережесін бұзу да жиі кездеседі. Кейбір азаматтар тіпті сейфке қарумен бірге ақша, құнды заттар және құжаттарды да салып қояды. Полицейлер жыл басынан бері осындай құқықбұзушылықтың 273 анықтаған. Заңсыз қару сақтау да басты назарда. Ағымдағы жылдың төрт айында тәртіп сақшылары осындай жәйттардың 69 фактісін тіркеп заңсыз қаруларды тәркілеген. Полицейлер,-кімде-кім тіркелмеген қаруды ерікті түрде ішкі істер органдарына тапсырған жағдайда, заңсыз қарумен жасалған құқықбұзушылықтар анықталмаса мылтық иелері қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады,-дейді.

ЕРБОЛАТ ҚАБЫРОВ — СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ