Қазақстанда Үкімет Қаулысымен «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» болып бекітілді. Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленген болатын. Осыған орай Петропавлда С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада “кітап күні” апталығы басталды. Айта кетсек, жалпы облыстық кітапхана қорында барлығы 1,5 нан астам кітап бар.

«Ұлттық кітап күні» биыл елімізде алғаш рет атап өтіледі. Жалпы, бұл бастама оқырмандар санын көбейту және кітап құдіретін түсіндіруге бағытталған. Облыстық кітапханада өткен іс-шараға өңірге белгілі жазушылар мен ақындар, қоғам қайраткерлері, ғылым, білім және мәдениет саласының өкілдері қатысты.

СНХ: ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ


Жиын барысында оқырмандар назарына ерекше және тың дүниелер ұсынылды. Мәселен, ақпаратпен жұмыс істеудің инновациялық тәсілдерін көрсететін «AI ZHAN» атты нейро – көмекші көпшілікке таныстырылды. Сонымен қатар, «кітап – ұлттық қазына» атты оқырмандар конференциясы өтті.

СНХ: ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ


Сондай-ақ, іс-шарада көрермен назарына “Жаңа кітап” тақырыбында 800-ге жуық кітап қойылған көрме ұсынылды.