«Есірткі қолданудың заманауи үрдістері, оны алдын алудағы қиындықтар мен жаңа тәсілдер» дәл осындай тақырыпта бүгін Полиция департаментінде оқыту семинары өтті. Жиында білікті нарколог-мамандар синтетикалық есірткі құралының қаупі жайында баяндады. Сондай-ақ полицейлер есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша кеңес мүшелеріне куәліктер табыстады.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті жанындағы жаңа орган наурыз айында құрылды. Құрамына өңірдің белгілі қоғам қайраткерлері кіреді. Бүгін олар оқыту семинарына қатысу үшін облыстың полиция ведомствосына жиналды. ПД бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов семинарға қатысушыларға кеңес мүшелерінің куәліктерін табыстады.

СНХ: Айдын Қабдұлдинов — СҚО ПД бастығы


Полицейлер жұртшылықтан креативті идеялар ғана емес, сондай-ақ ақпараттық қолдауды қажет етеді: көптеген солтүстікқазақстандық белсенділер аудиториясы көп танымал блогерлер. Бұл есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы күреске жұртшылықтың басым бөлігінің көңіл аударуына септігін тигізеді.

Оқыту семинары есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша кеңес мүшелері үшін еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылып, бейнеселектор режимінде өтті. Білікті нарколог-мамандар қоғам мүшелеріне есірткі жағдайы және ұлттық эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы айтты, синтетикалық есірткі құралының қаупіне және профилактиканың заманауи әдістеріне тоқталды.