Шал ақын аудандық Мәдениет үйінде «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі-2025» облыстық байқауы өтті. Іс-шараға қатысушылар Қазақстан тарихындағы маңызды даталарға арналған театрландырылыған және музыкалық қойылымдарды өнер сүйер қауым назарына ұсынды.
Байқау бірнеше маңызда мерейтойларға арналған кешенді тұжырымдама аясында өтті. Атап айтсақ: Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, ҚХА 30 жылдығы, Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, ҚР Конституциясының 30 жылдығы. Әр қойылымнан терең патриотизмнің көрінісін аңғаруға болады.
СНХР: АНАСТАСИЯ АНТОНЕНКО – ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ РЕЖИССЕРІ
Байқауда Ұлт батырларының бейнелері сахналанған театрландырылған көрініс қазылар алқасының көңілінен шықты. Кәкімбек Салықов атындағы орта мектептің оқушысы Аяжан Нұржан Әлия Молдағұлованың образын сомдап, монолог оқыды.
СНХР: АЯЖАН НҰРЖАН – ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ Қ. САЛЫҚОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ
Концерттік бағдарламада дәуірлер, тұлғалар, рәміздер тоғыстырылды. Монологтар оқылып, хореографиялық қойылымдар мереке көркін одан әрі аша түсті. Әр сахналық қойылымда тұлғаға, тарихқа деген кұрмет айқын көрініс тапты.