Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес шаралары жайында облыстық прокуратурада айтылды. Солтүстік Қазақстан облысы – «Коmek Stop Bullying» жобасы жүзеге асырылып жатқан алғашқы аймақ. Енді оқушылар QR-код арқылы буллинг фактілері туралы хабарлап немесе мамандардан көмек ала алады. Жоба алдағы уақытта бүкіл ел бойынша енгізілмек.
Петропавл мектептерінде буллингке қарсы күреске жасанды интеллект жұмылдырылған. Бейнебақылау жүйесі балалардың агрессивті әрекеттерін анықтап, арнайы бағдарлама арқылы мәліметтерді жібереді.
СНХ: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Дегенмен, жасанды интеллект девиантты мінез-құлықтың барлық көріністерін бірдей қамти алмайды. Міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін 500-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, буллинг фактілері туралы хабарламағаны үшін 3 мектеп директоры мен 1 мұғалімге шара қолданылды. Жиын барысында кәмелетке толмағандарға қатысты жағымсыз ақпараттар таралған Telegram-арналар да сөз болды.
СНХ: АБУ-ӘЛИ САТТАР, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірде жасөспірімдер қылмысы 10 пайызға өскен. Дегенмен, қабылданған алдын алу шаралары мен цифрлық технологияларды қолдану оң нәтиже беріп жатыр.
СНХ: ҚҰРМАНҒАЛИ ЫСМАҒҰЛОВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Алдағы уақытта білім беру мекемелеріне жасанды интеллект негізінде эмоцияны талдау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.