Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Өз Елім!» атты концерт ұйымдастырды. Жиын көрнекті қазақ композиторы әрі дирижер Нұрғиса Атабайұлы Тлендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналды. Іс-шара қазақ музыкасы мен мәдениетінің жанашырларының басын қосты.
Виртуоз музыкант Нұрғиса Тілендиев 400-ге жуық туындының авторы. Музыка құдіретін жүрекке жеткізген композитор 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, мультфильмдерге және14 деректі-хроникалық фильмге әуен жазған. Сондай-ақ дәулескер күйші «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің негізін қалады.
аударма
СНХ: НАРИМАН ЖОЛДАСБЕКОВ, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ СОЛИСІ
Концертте автордың ең танымал шығармалары, соның ішінде «Саржайлау», «Құстар әні», «Өз елім» сияқты шоқтығы биік әндері орындалды. Оркестрдің құрамы үздік музыканттардан, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін жастардан құралған.
СНХ: ДӘМЕШ ҚҰРМАНКИНА, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ӘРТІСІ, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Кешке жиналған қауымның қарасы қалың болды. Олар сахнадан шырқалған композитордың әндерін қосыла айтты.