Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген зерттеушілер «Жас ғалым» Республикалық форумында басқосты. Мұндай іс-шара елде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған жоғары білім және ғылым министрі қатысып, сөз сөйледі. Ал «Жас ғалым» бағдарламасы грантының 300-ге жуық иегері ортақ алаңда жобаларын қонақтарға таныстырып, тәжірибе алмасты.

СНХ: НҰРЗАДА АМАНГЕЛДІ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ-НІҢ ЗЕРТТЕУШІСІ