Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде "WorldSkills Kazakhstan — 2025" өңірлік чемпионаты өтіп жатыр. Қатысушылар өздерінің дағдыларын ақпараттық технологиялардан бастап қызмет көрсету саласына дейінгі әртүрлі бағыттарда көрсетеді. Сайыстың негізгі мақсаты-кәсіптік білім беруді дамыту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.
Кәсіби жетістіктерге дайын болашақ мамандар "WorldSkills Kazakhstan — 2025" өңірлік чемпионатына жиналды. Жоғары құрылыс-экономикалық колледжіндегі негізгі бағыттардың бірі — "Сантехникалық және жылыту жұмыстары». Мұнда студенттер заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, сумен жабдықтау, жылыту және кәріз жүйелерін орнатуды көрсетеді.
СНХ: ЕКАТЕРИНА КАЛГАНОВА, ЖОҒАРЫ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін барлығы 5 студент бақ сынасты. Байқауға қатысушылардың бірі — Денис Свешкарёв. Ол бұл чемпионатқа қатысу — болашақ мансапқа жасалған қадам деп сенеді.
СНХ: ДЕНИС СВЕШКАРЁВ, ЖОҒАРЫ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары күзде Астанада өтетін «WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.