Qyzyljar Creative Center-де брейкингтен Qyzyljar Open Breaking чемпионаты өтті. Бұл қазір бүкіл әлемде қарқынды дамып, танымалдылығы артып келе жатқан жаңа олимпиадалық спорт түрі. 4 жастан 30 жасқа дейінгі 100-ден астам қатысушы сахнада биден өз шеберліктерін көрсетті.
Чемпионаттың басты мақсаты — брейкингті дамыту, талантты бишілерді анықтау және өңірдің мықты құрамасын қалыптастыру. Осы чемпионатта жеңіс тұғырынан көрінген команда алдағы уақытта республикалық және халықаралық жарыстарда, соның ішінде Олимпиада ойындарында өнер көрсететін болады.
СНХ: ЕСМҰХАМБЕТ ИМАМБАЕВ, СҚО БРЕЙКИНГ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Сахнаға Астана, Көкшетау, Қарағанды, Омбы және басқа да қалалардан келген брейкинг мәдениетінің үздік өкілдері шықты. Би батлдары командалық және жеке сында өтіп, төрт кезеңнен тұрды. Никита Покиданов брейкингпен шамамен 20 жыл бойы айналысып келеді.
СНХ: НИКИТА ПОКИДАНОВ, ҚАТЫСУШЫ, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Сайыс соңында қатысушылар мен жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталды.