Петропавлда кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен қала әкімі Серік Мұхамедиев және депутат тар, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер мен жастар қатысты. Қала тұрғындары да тазалық акциясынан қалыс қалмай саябақтар, орталық көшелер мен үйлердің аулалары қоқыстан тазартылды.
Республикалық “Таза Қазақстан” акциясы аясында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың тапсырмасымен өңірде 3 айлық акция басталды. Қазір облыста ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы сенбілікке 3000-ға жуық адам қатысты.
СНХ: СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері де сенбілікке белсене атсалысты. 12-ші сәуір ғарышкерлер күні. Осы күнге орай қалалық жастар ресурстық орталығының волонтерлері орталық саябаққа кіре берісте екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған ұшқыш-ғарышкер Владимир Шаталовтың ескерткіші орналасқан маңайды қоқыстан тазартты.
СНХ: ДАМИР ӘБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Таза Қазақстан акциясы аясында өңірде сенбіліктерге 23 мың адам қатысып, 10 мың көп қабатты үй мен жеке үйлердің аулалары тазартылды. 180 тарихи-мәдени ескерткіш және 200-ден аса саябақ пен сквер қалпына келтірілді. Нәтижесінде 11 мың тонна қоқыс полигондарга шығарылды.Бұл жұмыстар әлі де жалғасады.