Биыл қазақтың ұлы этнограф-ғалымы, шығыстанушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл. Осыған орай Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында «Шоқан. Монолог шепотом» атты қойылымның премьерасы көрермен назарына ұсынылды. Спектакль тарих ғылымының кандидаты Ерлан Сыдықовтың туындысына негізделген.

Спектакльдың режиссері – Баатырбек Шамбетов. Бұл Николай Погодин атындағы орыс драма театрында қазақтың ұлы ғалымына арналып қойылған алғашқы туынды емес. Бұған дейін Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы желісі бойынша 3 рет қойылым сахналанған.

СНХ: БААТЫРБЕК ШАМБЕТОВ, Н.ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ


Спектакльды дайындауға 2 айдай уақыт кеткен. Басты рөлді, яғни Шоқан Шыңғысұлының образын сомдау Айбол Қасымға бұйырған. Бұл актердің осымен 2-ші рет ұлы тұлғаның рөлін сомдауы. Ол осыдан 5 жыл бұрын этнографтың 185 жылдық мерейтойына орай қойылған «Шоқан» драмасында да өнер көрсеткен болатын.

СНХ: АЙБОЛ ҚАСЫМ, Н.ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ


Жалпы, «Шоқан. Монолог шепотом» спекталінде барлығы 13 актер өнер көрсетті. Қойылымды көруге жиналған қауымның қарасы қалың болды.