Жақында Солтүстік Қазақстан облысында егін егу науқаны басталады. Дәстүр бойынша, жұмыс басталмас бұрын арнайы семинар-кеңес өткізіліп, онда көктемгі дала жұмыстарына дайындық пысықталады. Арнайы жиын бүгін Жамбыл ауданында ұйымдастырылды.

Жамбыл ауданында 2025 жылдың көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу жөніндегі семинар өтті. Іс-шараға аудан әкімі Азамат Бектасов және ауданның ауыл шаруашылығы бойынша мамандары қатысты. Олар егіс науқанына дайындыққа қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Семинар басталар алдында қатысушылар арнайы техника өндірісі, агротехнологиялар және ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми жетістіктері көрсетілген көрмемен танысты. Биыл Жамбыл ауданында 300 мың гектар жерге өнім салу жоспарланып отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар – 217,6 мың , майлы дақылдар – 67 мың , ал мал азықтық дақылдар 19 мың гектар алқапқа егілмек.

СНХ: РУСЛАН АЮПОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Тұқым мәселесі аудандағы ең өзекті тақырыптардың бірі. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, бұл көрсеткіш өте төмен деңгейде. 2015 жылы 1% болса, былтыр 7,8%-ды құрады. Қазіргі уақытта элиталық тұқымдарды әкелу тоқтаған.

СНХ: РУСЛАН АЮПОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Аграрлық несие корпорациясы көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарына арналған барлық агроөнеркәсіптік кешенді жылдық 5% жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесімен қаржыландырады. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша несиені тікелей Корпорацияның филиалдарында, сондай-ақ несиелік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, екінші деңгейлі банктер, өңірлік инвестициялық орталықтар және микроқаржы ұйымдары арқылы рәсімдеуге болады.

СНХ: ГНЕЛ АРУЗАМЯН, «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ СҚО ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


2025 жылы Аграрлық несие корпорациясы көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 85,5 млрд теңге қарастырған. Кепілзаттық қамтамасыз ету ретінде «Даму» қорының займ сомасының 85% мөлшеріндегі кепілдігін пайдалануға болады. Биыл көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 59 фермерге 22,6 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді.