Петропавлда қазақстандық кино апталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен «CARАT-ПРОГНОЗ» ЖШС 1-Северный телеарнасы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Сондай-ақ, онкүндіктің алғашқы күнінде көрермен назарына «Патриоттар уақыты» атты фильм ұсынылды.

Ең алдымен келген қонақтар «Қызылжар кретив» орталығымен танысты. Және олардың назарына сурет көрмесі ұсынылды. «Ұлттық киноны қолдау» мемлекеттік орталығы барлық өңірлерде қазақ киносын насихаттау жұмысын жалғастырып жатыр. Арнайы көрсетілімдер бұған дейін Қарағанды және Жамбыл облыстарында өткен. Іс-шара барысында Кино орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали кино апталығының мән маңызы мен фильмдердің өзектілігін тарқатып айтты. Сондай-ақ, қазіргі таңда қазақ кино индустриясы қарқынды дамып жатқанын тілге тиек етті.

СНХ: ҚҰРМАНБЕК ЖҰМАҒАЛИ, ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ


Айта кетейік, бұған дейін Кино орталығының қолдауымен елімізде 117 туынды жарық көрген. Оның 72-сі көркем, 37-сі деректі алған қалған 8-і анимациялық фильмдер.

АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:

- Көрермен назарына Серікбол Өтепбергеновтің «Патриоттар уақыты» атты киносы ұсынылды. Еліміздің Қарулы Күштері туралы замануи көркем фильмде екі ағайындының өмірі туралы баяндалады.

«Патриоттар уақыты» фильмі ҚР Мәдениет және ақпарат мсинистрлігі мен Кино орталығының қолдауымен түсірілген.

СНХ: СЕРІКБОЛ ӨТЕПБЕРГЕНОВ, «ПАТРИОТТАР УАҚЫТЫ» ФИЛЬМІНІҢ РЕЖИССЕРІ


Фильм желісі бойынша ағайындының біреуі – әскери барлауда қызмет етеді. Ал екіншісі – талантты жойғыш ұшқыш. Олардың әкесі арнайы операцияны орындау кезінде қаза тапқан. Көп уақыт бойы бір-бірімен араз болған 2 бауыр лаңкестердің қастандық жасау туралы жоспарларын білген кезде адамдардың өмірін құтқару үшін бірігеді. Киноға талантты және танымал актер Дәстен Шәкіров те түсті.

СНХ: ДӘСТЕН ШӘКІРОВ , АКТЕР


Патриоттықты насихаттайтын аталмыш кино көптің көңілінен шықты.

СНХ: ЖАСҰЛАН ҚУАНЫШ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МАГИСТРАНТЫ


Қазақстандық кино апталығы 13 сәуірге дейін жалғасады. Қазақ киносының күндері атты іс-шара жыл соңына дейін еліміздің барлық облыстарында ұйымдастырылады.