Өңірде бата беруден ақсақалдар сайысты. Тағылымды сайысқа қала мен ауыл-аймақтардан келген 11 қария сынға түсті. Қариялардан бата алып келген әріптесім Әсем Кенжеболатова бейнематериалында баяндап берсін.
Бата беру – байырғы қазақ халқынан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан дәстүр3. Ізгі сөздің бәсекесіне аузы дуалы 11 қария қатысты. Дәстүр мен дінді насихаттайтын бұл жарысқа қатысушылар жан-жақты дайындықпен келген. Байқау екі кезеңнен тұрды. Ақсақалдар отауға, балаға, жолаушыға, асқа, тойға ақ бата беріп жарысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат - бата беру дәстүрін жаңғырту, батагөй қарияларымызды көбейту, ұлттық дәстүрімізді насихаттап, сөз қадірін түсінетін ұрпақ тәрбиелеу.
- СНХ: ХАМЗАТ ӘДІЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сауабы мол іс-шаралар бүгінгі қоғамға қажет. Өйткені қазіргінің қариялары бата мен тілекті шатастырып, оның маңызын төмендетіп жіберген.
- СНХ: ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ – ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Үлкен жиындарда қариялардан бата сұрасаңыз көбі кібіртіктеп қалады. Бұл жиынды өткізудегі мақсат, ұйымдастырушылардың айтуынша, бата беру өнерімен қатар, салт-дәстүрді де насихаттау.
- СНХ: ЖАПАР ТӨЛЕГЕНОВ – САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
2 сағатқа созылған ақ бата сайысында 1 орынДЫ Петропавл қаласындағы Қызылжар қалалық мешітінің атынан шыққан Тәли Кәриев жеңіп алды. Ал 2-ші орын Есіл ауданынан келген қария Серкелбай Тінібековке бұйырды. Жүлделі 3-ші орын Тимирязев ауданынан келген ақсақал Майлыбай Бүркітов иеленді. Мамандар батаның маңызын насихаттайтын мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да еліміздің түпкір-түпкірінде өтеді деген сенімде.