Қазақ киносының онкүндігі аясында Петропавлға ірі медиа жобалардың жетекшісі әрі продюсер Александр Аксютиц келді. Медиа мен кино индустриясына қызығушылық танытқан жандарға ол шеберлік сағатын өткізді.

Журналистикадан продюсерлікке дейінгі жол. Александр Аксютицтің телеарна, PR және кино салаларында мол тәжірибесі бар. Медиаменеджер шеберлік сағатын өткізіп, кездесуге келушілерге кәсіби өсу жолында сыннан қорықпауға кеңес берді. Себебі кез келген пиар — тіпті жағымсыз болса да — назар аудартудың бір тәсілі әрі ол жобаның танылуына оң әсер етеді.

СНХР: АЛЕКСАНДР АКСЮТИЦ — «TOP PRO CINEMA» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ ЖӘНЕ ИЕСІ


Кездесуде әлеуметтік желі мен кино өндірісі саласына да ерекше назар аударылды. Қазір отандық туындылардың прокаттағы саны артып келеді. Көрермендер өз режиссерлері мен актерлеріне көбірек көңіл бөле бастады. Кездесу тыңдаушылары үшін пайдалы ақпарат көзіне айналды.

СНХР: ДАРЬЯ ПЕШКОВА — ЖУРНАЛИСТ, ПРОДЮСЕР


Цифрлық технологиялардың дамуына байланысты бүкіл әлем киберкеңістікке көшті — адамдар ақпаратты негізінен смартфон арқылы алады. Бұл үрдіс әр елде өз «экожүйесінің» қалыптасуына алып келді – жаңа қосымшалар, видеохостингтер мен мессенджерлер пайда болып, жергілікті менталитетке бейімделген ерекше контент ұсынып жатыр.