Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Көктемгі егіс науқаны» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Биыл көктемгі егіс және күзгі орақ жұмыстарын қаржыландыру мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан Солтүстік Қазақстан облысына 85,5 миллиард теңге бөлініп отыр. Қаржыландыру «Кең дала» және «Кең дала 2» бағдарламалары аясында жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен жүзеге асырылып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес арнайы Жол картасы әзірленіп, Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан нақты индикаторлар бекітілді. Биыл облыс бойынша егіс алқабы 4,4 миллион гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 97 пайыз. Өңірде 219 машина-трактор шеберханасы жұмыс істеп тұр. Аграршылар бүгінде 12 миллиард теңгеден астам сомаға 365 техника сатып алған.

СНХР: ДӘУРЕН ТОҚҚУЖИНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Мамандардың айтуынша, биыл ауа райы жалпы егіншілікке қолайлы болмақ.

СНХР: НАТАЛЬЯ ЛЕВИНА – «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Ауыл шаруашылығы ауа райына тікелей тәуелді сала болғандықтан, «Қазгидромет» үнемі мониторинг жүргізеді. Болжамдарға сәйкес, өңірде ылғал қорының оңтайлы деңгейі сақталады. Дегенмен сәуір айында күннің ысуы топырақтың жоғарғы қабатының жылдам кебуіне себеп болуы мүмкін.