Қызылжар ауданының Вагулино ауылында ардагерлердің көркемөнерпаздар байқауы өтті. Іс-шара Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды. Байқауға Қызылжар ауданының ардагерлер кеңесінің өкілдері, мектеп оқушылары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Өнерпаз ардагерлер дайындаған концерттік бағдарлама ауқымды. Бір ұжым сахнада соғыс жылдары шыққан жүрекке жететін әндерді айтса, енді бірі – би билеп, театрландырылған қойылымдар ұсынды.

СНХР: БАҚЫТ БАУКЕНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ


Краснояр негізгі мектебінің директоры Ольга Михайловнаның айтуынша, оның отбасынан соғысқа 10 адам аттанған. Олардың екеуі туған жерге қайтып оралмады. Ол бүгін сахнадан соғыс туралы монолог оқыды. Жалпы бұл күні барлығы 12 нөмір қойылды.

СНХР: ВАЛЕНТИНА ЯКОВЛЕВА – ВАГУЛИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ


Айта кетейік, бұл іс-шара жай ғана концерт емес, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, бейбіт әрі саналы болашақты құру үшін маңызды еске салу болды.