Биыл облыста жол инфрақұрылымын жақсарту аясында 1,1 мың км жол жөнделеді. Атап айтқанда, 467 км республикалық желі, 700 км жергілікті жолдар және көше-жол желісі, соның ішінде 35 елді мекендегі 100 км ішкі жолдар қамтылады.
102 жоба жүзеге асады, оның 35-і өтпелі жобалар. Жөнделетін жолдар:
▪️Покровка-Петропавл
▪️Қайранкөл-Благовещенка
▪️Дәуіт-Кішкенекөл
▪️Меңкесер-Раздольное
▪️Горьковское-Восходское
▪️Кішкенекөл-Қаратерек
▪️Смирново-Қиялы
▪️Покровка-Ильинка
▪️Смирново-Токуши
▪️Повозочное-Баян
▪️Ялты-Шақпақ елді мекендер аралығы.
Бұл жұмыс жол сапасын айтарлықтай жақсартуға, жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.