2025 жыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен "жұмысшы мамандықтар жылы" болып жарияланды. Бұл стратегиялық шешім ел экономикасындағы жұмысшы мамандықтарДың маңыздылығын көрсетуге және білікті кадрлардың дамуын ынталандыруға арналған.
Бастаманың аясында Qyzyljar Creative орталығында облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен форум өтті. Іс – шараға әр ауданнан 170-ке жуық техникалық қызметкер шақырылды. Жиында көп жылдық тәжірибесі бар қызметкерлердің елдің дамуына қосқан үлесі мен мамандыққа деген адалдығы атап өтілді.
ҚАЙЫРЛЫ МҰҚЫШЕВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ