Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжінде дәстүрлі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға өңірдің 15 кәсіпорны және оқу орнының студенттері мен оқытушылары қатысты. 

Жұмыссыздар санын азайту – қазіргі қоғамда күн тәртібінен түспейтін басты мәселенің бірі. Осыған орай елімізде оңтайлы бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, қызметкерлер жетіспейтін кей мекемелерде бос орындар жәрмеңкесін өткізу де дәстүрге айналған.

СНХР: ЖАННА БЕРЕЖНАЯ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Жәрмеңкенің басты мақсаты – жұмыс берушілер мен колледж түлектерінің арасындағы байланысты нығайтып, жастарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Іс-шара жұмыс берушілерге өз саласына қажетті мамандарды таңдауға, ал түлектерге болашаққа сеніммен қарап, мамандығы бойынша жұмыс табуға жол ашады.

СНХР: АНДРЕЙ СТАРИЦЫН – СТУДЕНТ


Мұндай бастамалар жастарды қолдап, өңірдің кадрлық әлеуетін арттыруға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.