Петропавлда су тасқынының алдын алуға арналған дайындық шаралары жалғасып жатыр. Бұл жұмыстарға 99275 әскери бөлімі аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы да жұмылдырылған. Қазір Есіл өзені бойында орналасқан Ойқала шағын ауданында бөгеттерді нығайтып жатыр.

Өткен жылғы су тасқынында өңірде 4000-ға жуық үйді су басты. Кейін оның басым бөлігі апатты деп танылып, бұзылды. Су тасқыны әсіресе Ойқала шағын ауданына қатты зақым келтірді. Сондықтан биыл осы жағдай қайталанбас үшін бөгеттерді нығайту жұмыстары наурыз айынан басталды.

СНХ: ӘНУАР ШАЛТАЙ, 99275 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАТАЛЬОНЫНЫҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ


99275 әскери бөлімі аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамынан 50-ден астам қызметші жұмылдырылған. Олар бір тәулікте 500 метрден астам бөгетті нығайтқан.

СНХ: САМАТ ҚАБЫЛБАЕВ, 99275 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ


Айта кетейік, Петропавлдың басқа аудандарында да бұл жұмыстар әлі де жалғасады.