Петропавлда классикалық музыка кеші өтті. Ақан сері атындағы облыстық филармонияның эстрадалық-симфониялық оркестрі кешке арнайы шақырылған дирижер – Ренат Салаватовтың басқаруымен өнер көрсетті.
Кештің құрметті қонағы – дирижер, Татарстанның халық артисі және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ренат Салаватов болды. Концерттік бағдарламада қазақ, орыс және Батыс Еуропа композиторларының танымал әрі сирек орындалатын туындылары қамтылды.
СНХР: РЕНАТ САЛАВАТОВ – ДИРИЖЕР, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Маэстро Ренат Салаватовпен бірге сахна төріне кештің тағы бір шақырылған қонағы – Татарстанның еңбек сіңірген артисі Руслан Веригин шықты. Талантты музыкант – жерлесіміз. Ол Ермек Серкебаев атындағы колледжді тәмамдап, шығармашылық жолын Қазанда жалғастырған.
СНХР: РУСЛАН ВЕРИГИН – ТАТАРСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АРТИСІ
Концерттік бағдарламаға Е.Серкебаев атындағы Өнер колледжінің студенттік хоры, Асхат пен Динара Тәушевтер, сондай-ақ скрипкашы Дамир Қабденов қатысты.