Биыл ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Осыған орай республикалық Абай оқулары мен Абайтану олимпиадасы өтеді. Облыстық кезең Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында ұйымдастырылып, байқауға қала мен аудан оқушылары қатысты.
Кеш барысында Абайдың шығармашылығына деген жастардың қызығушылығы ерекше байқалды. Ақынның туындыларын сүйіп оқитын оқырмандар, жыр мүшәйраларына қатысып жүрген жастар, оқушылар және шығармашылық адамдары өз өнерлерін көрсетті.
СНХР: ЖҰЛДЫЗАЙ ИМАНБЕКОВА – ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын насихаттау, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және ақынның шығармаларында қамтылған рухани құндылықтарды насихаттау. Көркемсөз шеберлерінің байқауына 9 бен 11 сынып аралығындағы 42 оқушы, ал Абайтану олимпиадасына 13 оқушы қатысты.
СНХР: САНДУҒАШ ҚАЙЫРБЕК, МАМЛЮТ АУДАНЫ БОСТАНДЫҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Байқауда қатысушылардың қарым-қабілеті мен шығармашылық дағдысын арнайы кәсіби мамандар бағалады. Абай оқуларының қорытынды кезеңі маусым айында Абай облысында өтеді, ал Абайтану олимпиадасы – Алматы қаласы Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатта ұйымдастырылады. Облыс үздіктері республикалық кезеңде аймақ атынан өнер көрсетеді.