Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледжде «WorldSkills Kazakhstan 2025» кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылуы өтті. Сайыс оныншы рет ұйымдастырылды. Студенттер конкурстың республикалық кезеңіне іріктеуден өтеді.
Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледжде жарыс 10 құзыреттілік бойынша өтіп жатыр. Қатысушылар - болашақ ұстаздар. Чемпионат жұмысшы мамандықтар жылы аясында және өңірдің техникалық, кәсіптік білім беру оқу орындарының үздік студенттерін анықтау аясында өткізіледі. Оған 15 жастан 22 жасқа дейінгі жастар қатысады.
СНХР: ВЕРА БИКБАЕВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
СНХР: КҮЛДАНА БҮРТІБАЕВА, ҚАТЫСУШЫ
Конкурстық тапсырмалардың орындалу сапасын әлеуметтік әріптестер, тәуелсіз сарапшылар мен өз құзыреттері бойынша сарапшылар бағалайды.