Петропавлдағы Ботай арт-галереясында Open Space диалог алаңы өтті. Кездесу тақырыбы — өңір туризмі және тарихы. Іс-шараға мектеп оқушылары, студенттер және Kozybaev University оқытушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты — өңірдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау және жастардың археологияға, сәулет өнеріне, киелі орындарға деген қызығушылығын арттыру. Бұл ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға және мәдени құндылықтарды сақтауға септігін тигізеді.
СНХР: СӘБИНА АМИРОВА – СҚО "ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Іс-шара аясында қатысушылар өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларын ұсынды. Солардың бірі — Николай Поповтың жұмысы. Оның жобасында Петропавл қаласының әскери бекіністен өндірістік орталыққа айналу тарихы баяндалды. Сонымен қатар, ол қаланың тарихи орындары, сауданың маңызы мен XIX ғасырдағы экономикалық реформалардың ықпалын зерттеді.
СНХР: НИКОЛАЙ ПОПОВ – С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ №32 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 598 тарихи және мәдени ескерткіш бар, оның 9-ы республикалық маңызға ие.