Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикалық көрсеткіштердің өсуі бойынша 120%-бен 1-орында тұр. Бұл жалпыұлттық пулға енгізілген жобаларды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткізілді. Өткен жылы жалпы сомасы 32,8 млрд теңге болатын 15 жоба іске қосылған.
Оң көрсеткіштері бар салалар қатарында ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда-саттық. өнімдердің экспорты және импорты бар. Мәселен, жаңа нысандарды салу және кәсіпорындарды жаңғыртудың арқасында облыстың агроөнеркәсіп кешенінің өнімі 35,9%-ға өсіп, 936 млрд теңгеге жетті.
СНХ: ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Экспорт пен импорт бойынша біздің облыс 80-нен астам елмен ынтымақтастық орнатқан. Негізгі сауда-экономикалық серіктестеріміз - Ресей, Германия, Қытай, Өзбекстан, Ауғанстан.
СНХ: КУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Импорт пен экспорттың негізгі үлесін жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, көлік құралдары, металлдар, ағаш, текстиль құрайды.