Өңірдегі шағын өзендерде су деңгейі төмендеп жатыр, яғни енді олардан келер қауіп жоқ. «Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, өткен тәулікте Рузаевка ауылының маңында Шарық өзені деңгейі 88 см төмендеген. Гусаковка елді мекенінің маңында Бабық бұрлық 41 см-ге, Возвышенка ауылы жанында Аққанбұрлық өзені 63 см-ге түсті.

Тоқсан би ауылының жанында Есіл өзенінің де деңгейі түсіп жатыр, бір тәулікте 46 см төмендеген. Толқын Покровка ауылына келді, мұнда өткен тәулікте 52 см-ге көтеріліп, Есіл тасып жатыр. Қауіпті деңгей 950 см болса, қазір 1085 см-ге жеткен. Новоникольское елді мекенінің маңында 21 см-ге көтерілді. Ал Сергеев су қоймасында су деңгейі түсіп келеді. Қазір жотасынан асып төгілу 144 см болды, бүгінде су торабы 126 пайызға толған. Петропавл су қоймасында, керісінше, 6 см-ге көтерілді.