Өңірдегі шағын өзендердің су деңгейі түсіп жатыр. «Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, өзендердің су бетінде мұз жоқ, таза.
Алайда Ақмола облысы Жабай, Қалқұтан өзендері суының толығуына байланысты 11 cәyipге дейін Ғ.Mүcipenoв, Шал акын, Есіл және Қызылжар аудандарында су деңгейі көтеріліп, қауіпті деңгейден асуы мүмкін. Салдарынан автожолдарды, елдімекендерді, тұрғын үйлерді және шаруашылық ғимараттарды су басу қаупі бар. Әзірге Есіл өзені Тоқсан би ауылының маңында 60 см-ге түскен, Ал Покровка ауылының жанында 46 см-ге, Новоникольское елді мекені маңында 26 см-ге көтерілді. Сергеев су қоймасында бір тәулікте 12 см түссе, Петропавл су торабында 6 см артты.