Петропавлда алғаш рет балалар арасында Республикалық айтыстың облыстық кезең өтті. Бұл Наурыз мейрамын тойлауға арналып отыр. Ұйымдастырушылар – «Қызылжар дарыны» орталығы.
«Жыр алыбы – Жамбыл». Бұл мектеп оқушылары арасында тұңғыш ұйымдастырылған республикалық айтыстың өңірлік кезеңі. Оған облыс орталығы мен аудандардан келген 8 жас ақын қатысты. Сан ғасырдан атадан балаға мирас болған айтыс, қазақ мәдениетінің байлығын және оның руханилығын көрсететін ерекше өнер.
СНХР: АМАНЖОЛ ЗАҒЫПАР - «ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
СНХР: МӨЛДІР СӘРСЕН – АЙТЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ