20-шы наурыз - ұлттық спорт күні. Осыған орай «Береке» шағын ауданындағы дене шынықтыру –сауықтыру кешенінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Басты мақсат - қазақ халқының ежелгі дәстүрлері мен бірге ұлттық спорт түрлерін же жаңғырту. Төл спортымыздың деңгейін көтеру.

Іс-шара концерттік бағдарламалармен басталды. Кіре берісте қонақтар мен қатысушылар ұлттық тағамдардан да дәм тата алды. Жалпы ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылған бұл жарыста қазақ күресі, бес асық, асық ату және тоғызқұмалақ ойындарын қамтыды. Қазақ күресінен өз бақтарын сынау үшін 90-нан астам жасөспірім келген.

СНХ: БОЛАШАҚ ҚАПАБАЕВ, БАС ТӨРЕШІ


Бүгінгі жарысқа бағын сынап келгендердің бірі - Ерхан Қуаныш. Ол Қожаберген жырау атындағы №6-шы мектептің 5-ші сынып оқушысы. Күреспен айналысып келе жатқанына аз уақыт болса да түрлі жарыстарға қатысып үлгерген. Жасөспірім осы спорт түрі қатты ұнайды дейді.

СНХ: ЕРХАН ҚУАНЫШ, ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ №6 МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ


Қазақ күресінен бөлек, дене шынықтыру –сауықтыру кешенінде қыздар бес асық ойнап жарысса, ұлдар асық атып мергендерді анықтады. Бұл жарысқа спорт саласының ардагерлері де келіп жастармен бірге ойынға қатысты.

Дильназ Кемел мектеп кезінен бастап асық ойнап өскен. Облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегері.

СНХ: ДИЛЬНАЗ КЕМЕЛ, ҚАТЫСУШЫ


Сонымен қатар, 21 наурызда, қаланың басты алаңында асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту және қазақ күресі бойынша сайыстар өткізу жоспарланған. Барлық тілек білдірушілер дәстүрлі спорт ойындарында бақтарын сынап, көңілді жарыстарға қатыса алады.