«Қазгидромет» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше өңірде өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп келеді. Айталық, бір тәулікте Сергеев су қоймасының ернеуінен асып төгілу 20 см жетті. Петропавлдағы гидро торапта деңгейі 100 см-ге артты.
Тоқсан би ауылының маңында Есіл өзені бір тәулікте - 168, Крещенкада 20, Покровкада 11 см жоғарыласа, Новоникольск ауылының маңында 70 см жеткен, Долматовода 18 см-ге көтерілген. Ақжар ауданындағы Ленинградское ауылының маңындағы Шат өзенінде су деңгейі 50 см, Шағалалы өзенінде 11 см төмендеген. Ал Есіл ауданы Корнеевка ауылының маңындағы Тораңғұл көлінде су деңгейі бір тәулікте 6 см-ге көтеріліп, қауіпті межеге жақындап қалды.