Полицияның оқу-жаттығу жиындары: күрес тәсілдерінен бастап дағдарыстық жағдайларға дейін. Облыстық полиция департаментінде жеке құрамға арналған оқу-жаттығу жиындары тұрақты түрде өтеді. Бес күн бойы қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсету, дағдарыстық жағдайларда әрекет ету, саптық, дене және атыс дайындығы бойынша шеберліктерін жетілдіреді.

Жиындарға барлық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, соның ішінде желілік полиция бөлімі мен мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы қатысады. Бағдарлама аясында қызметкерлер әртүрлі бағыттар бойынша дайындықтан өтеді. Әсіресе, тактикалық-арнайы дайындыққа, күрес тәсілдеріне, «Макаров» тапаншасынан оқ атуға және граната лақтыруға ерекше назар аударылады. Сабақтарды арнайы және мобилизациялық дайындық басқармасының тәжірибелі нұсқаушылары, сондай-ақ арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, психологтар мен госпиталь дәрігерлері жүргізеді.

СНХР: Руслан Құдайбергенов — СҚО ПДарнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы


Оқу -жаттығу әр қызметкердің физикалық және психологиялық дайындығын нығайтуға, сондай-ақ жедел ойлау, стреске төзімділік және төтенше жағдайларда жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған.

Мұндай жиындар айына екі рет өткізіледі. Басты мақсат — полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру. Бұл өз кезегінде қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыспен тиімді күресуге ықпал етеді.