Өңірдегі өзендерде су деңгейі артып келеді. Тайынша ауданының Солтүстік ауылындағы Шағалалы өзенінде су 95 см-ге көтерілді. Есіл ауданының Корнеевка ауылы маңындағы Тораңғұл көлінде деңгейі тәулігіне 1 см-ге ғана көтерілгенімен, қауіпті деңгейге дейін 27 см қалды.
Ал Есіл өзенінде Тоқсан би ауылының маңында су деңгейі 13 см-ге, Покровкада 25 см-ге, Новоникольское ауылында 2 см-ге, Петропавлда 1 см-ге көтерілді. Су қоймаларындағы жағдай әзірге тұрақты. Ал синоптиктер 19-21 наурыз аралығында ауа температурасы +13 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауатынын болжап отыр. Осыған орай ескерту жариялады. Еріген қар суы жолдарды басып, елді мекендер мен тұрғын үйлердің және шаруашылық нысандарының су астында қалу қаупі бар.