Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың жеке қабылдауында өңір тұрғындары өздерінің өзекті мәселелерін көтерді. Бұл мәселелердің барлығы негізінен тұрғын үй саласына қатысты. Атап айтқанда, тұрғындар төтенше жағдай туындаған жағдайда жаңа тұрғын үй алу тәртібін біліп, сондай-ақ көрші ғимараттардың жағдайын реттеу жөнінде өтініштерін білдірді. Тұл мәселелердің шешімі қандай болды?
Әкімнің қабылдауына өз шағымын айтып келген алғашқылардың бірі - Аққайың ауданы Смирново ауылының тұрғыны. Айтуынша, оның үйі мен теміржол арасында элеваторлар мүлдем қолайсыз орналасқан. Бұрынғы ескі ғимарат пен теміржол арасындағы қашықтық шамамен 300 метр болса, қазіргі уақытта бұл қашықтық 20 метрге дейін қысқарған. Бұл жағдай тұрғындардың қауіпсіздігіне, тыныштығына және жалпы өмір сапасына әсер етіп жатыр.
Сонымен қатар тұрғындар бұл жағдайда сотқа да жүгіне алмайды. Себебі олардың үйлері жобада мүлдем жоқ. Сондықтан тұрғындар облыс әкіміне өздерін көшіруді немесе жоспарға өзгерістер енгізуді сұрап келген. Іске қосылған нысандар үшін санитарлық-қорғау аймағының мөлшерін азайтуға рұқсат етіледі. Бірақ жағдайды қиындататын тағы бір мәселе бар. Бұл нысандар жобада элеватор емес, қойма ретінде тіркелген.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Келесі өтініш Қызылжар ауданының тұрғынынан болды. Ол үйі өткен жылғы су тасқынынан зардап шеккенін айтты. Залал 4,5 миллион теңгеге бағаланып, ақша төленіп, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда, ауыл тұрғынында тұруға жарамсыз екінші үйі бар. Ол осы үйдің орнына пәтер алуды сұрап келген.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Су тасқыны Заречный кентінде тұратын Татьяна Кулаковаға да әсер етті. Оның үйіне қатты зақым келіп, бірнеше айдан кейін апатты деп танылған.
СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бұл жағдайда басшылық үйді сатуға немесе мүмкіндік туындаса, оны пәтерге айырбастауға кеңес берді. Облыс әкімінің қабылдауына соңғы болып Алмагүл Опабекова қабылданды. Ол үш жыл бойы көрші ғимараттар үлкен қолайсыздықтар туғызып келеді дейді.
Ғауез Нұрмұхамбетов үйлердің бірін бұзу туралы шешім қабылдады. Екінші үйде құқық бұзушылықтармен салынған. Өңір басшысы бұл істі бақылауға алуды тапсырды.