Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары аясында Петропавлда суағарларды тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде жабық кәріз желілері толық тазартылды. Ал қалған 25% жұмысты жақын күндері аяқтау жоспарланған.
Петропавл бойынша суағарларды тазарту жұмыстарына 80-ге жуық маман мен 30-дан астам арнайы техника жұмылдырылды. Жалпы кәріз желілерінің ұзындығы 235 шақырым. Оның 119 шақырымы – жабық жүйе, ал 116 шақырымы – ашық. Соңғы бірнеше жылда облыс орталығында 40 шақырым жаңа кәріз желісі салынды. Өткен жылы «Бірлік» және «Ойқала» шағынаудандарында су ағызатын жыралар қазылды. Сонымен қатар, қала көшелерінде 22 шақырымға жуық кәріз жүйесін жөндеу және жаңарту жұмыстары жүргізілді.
СНХР: БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ