Петропавлда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті. Бұл жиын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Кездесуде қала тұрғындары өздерінің тұрмыстық жағдайлары мен коммуналдық қызметтерге қатысты сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Жиынға облыс әкінің орынбасары Қанат Дүзелбаев және қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Айдын Мәкенов қатысып, тұрғындардың сұрағына жауап берді. Кездесуге келгендердің бірі – Ольга Шевченко. Ол Кирпичная көшесі, 12а мекенжайында тұрады. Әйел бұған дейін өз мәселесін бірнеше рет көтерген.
СНХ: ОЛЬГА ШЕВЧЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Бұл мәселені ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары жеке бақылауға алды. Сәуір айының соңына қарай жол жөнделеді деп уәде берді. Ал Роман Колмаков тұрғын үй мәселесі бойынша облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаевқа жүгінді. Оның Демиденко көшесі, 11 мекен-жайында орналасқан пәтері апатты деп танылған. Енді қала тұрғыны бірнеше айдан бері мемлекеттен баспана ала алмай жүр.
Айта кету керек, мұндай қабылдау енді тұрақты түрде өткізілетін болады. Сәуір айында облыстық әкімдік денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрғындармен кездесуді жоспарлап отыр.