ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қазақ күресінен шеберліктерін паш етіп, жарыс өткізді. Екі күнге шақталған додаға көрші өңірлерден де балуандар келіп, қатысты. 

Қазақ күресі – бұл тек спорт қана емес, сонымен қатар қазақтың ұлттық болмысы мен қайсар рухының көрінісі. Екі күнге созылған жарысқа Қарағанды, Степногорск, Көкшетау, Қостанай және басқа да өңірлерден командалар қатысып отыр. Спортшылар 66, 74, 82, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша белдесті.

СНХР: БАУЫРЖАН МҰҚАШЕВ, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Қарағанды облысы 5451 әскери бөлімінің аға сержанты Ринат Таңатұлы да жарысқа тыңғылықты дайындықпен келген екен.

СНХР: РИНАТ ҚОНҚАЕВ, АҒА СЕРЖАНТ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ


Жарыс қорытындысы бойынша 66, 74, және 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қарағанды командасы топ жарды. Ал 82 және 90 келі салмақта Қостанай облысының балуандары жеңіске жетсе, 100 келі салмақ дәрежесінде Көкшетау командасы үздік атанды. Жеңімпаздарға кубок, медальдар және грамоталар табысталды. Айта кетейік, жүлделі орын иеленген спортшылар енді ҚР чемпионатында өз бақтарын сынайды.