Облыс әкімі Қызылжар ауданындағы Тепличное елді мекеніне де барып, көктемгі су тасқынымен күресу үшін атқарылып жатқан жұмысты көрді. Кейін Бескөлде Ғауез Нұрмұхамбетов кеңес өткізді. Маңызды жиынға Петропавл қаласының, Қызылжар, Есіл, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл және Мамлют аудандарының әкімдері қатысты.
Былтыр Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылының теміржол жақ бөлігі судың астында қалды. Биыл мұндайға жол беріп, сан соғып қалмау қажет. Қазір аумақ бөгетпен қоршалған. Жақында іске жауапты мердігер ұйым қорғаныс үйінісінің ұзындығын 200 метрге ұзартыпты. Жұмыспен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Аймақ басшысына тындырылған шаруа бастан-аяқ айтылды.
Тасқын қателікті кешірмейді. Бөгеттің әр метрі сын көтеруі тиіс. Ғауез Нұрмұхамбетов іске жауаптылардың барлығын өзіне қаратып, қазір сапаға баса мән беру қажеттігін айтты. Облыс әкімі Тепличное ауылының өзге тұсында да болды. Бұл төңіректе көтерілген қорғаныс үйіндісі арнайы жабындық материалмен қапталып жатыр. Бескөлде де қызу тірлік. Былтыр бірсыпыра бөлігі судың астында қалған елді мекеннің сыртындағы бөгет нығайтылуда. Теріскейліктерге Қарағандыдан сарбаздар көмекке келді. Оларға жайлы жағдай жасалуы қажет.
Өткен жылы Есіл өзенінің Новокаменка ауылы маңындағы тұсында мұз кептелісі болыпты. Салдарынан электр бағандары қираған, су жоғары жылдамдықпен көтерілген. Былтырғы жағдай қайталанбас үшін бүгін жару жұмыстары орын алды.
Қолдағы камераны шайқалтатын дүмпудің нәтижесінде ондаған шаршы метрдегі мұз жарылды. Өзеннің беті қайтадан қатады. Бірақ, негізгі қалпына келмейді, ол күн жылынғанда тез ериді. Танысу шарысынан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов Бескөлде кеңес өткізді. Маңызды жиынға Петропавл қаласының, Қызылжар, Есіл, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл және Мамлют аудандарының әкімдері қатысты.
СНХ: ҚЫМБАТ МЕРҒАЛЫМОВА, “ҚАЗГИДРОМЕТ” РМК СҚОФ ДИРЕКТОРЫ
Бұған жауған және алдағы уақытта жауатын қар мен жаңбырды қосу қажет. Осылардың барлығын есепке алсақ, тасқын биыл да теріскейліктерді әлекке салуы ықтимал. Кеңес барысында өңір жетекшісі арнайы шақырылған әкімдерді мінберге шығарды. Петропавлда серіктестіктердің, жеке кәсіпкерліктердің аумағындағы қар енді шығарылып жатқанға ұқсайды. Ғауез Нұрмұхамбетов шаһар басшысы мен полицейлерге бұл үлкен қателік екенін айтты.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қызылжар ауданында да осындай мәселе бар. Сонымен қатар, мұндағы су жүретін құбырлардың алды ғана қардан тазартылып жатыр екен. Өңірдің бас құтқарушысының айтуынша, кем дегенде 10-15 метр тазартылу қажет. Сонда ғана тіршілік көзі емін-еркін өтеді. Тілдесу барысында аймақ басшысы осы жайтқа жеке тоқталып, қоластындыларға іске жүрдім-бардым қарайтын шенеуніктерді жазалауды тапсырды.
Бұдан соң мінберге Есіл, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл және Мамлют аудандарының әкімдері шықты. Өңір жетекшісі барлығын сын таяғының астына алды. Баяндамашылар өткір тұстарды назарсыз қалдырған, кей сәтте айтылған сандар сәйкес келмеді.
Жиын соңында облыс әкімі берген тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауында ұстайтынын тілге тиек етті.