Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Есіл өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызылжар ауданының Красный яр және Долматово ауылдарының маңында ауданы 2 500 шаршы метрде жұмыс жүргізілді.

Облыста көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілді. Өңірге Қарағандыдан әскері қызметшілер шақырылған болатын. Олар бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстарға тартылды. Айта кету керек, өңірде барлығы 116 елді мекенді су басу қаупі бар. Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын күшейтіп, тұрғындарды мұз үстіне шықпауға шақырды. Есіл өзеніндегі мұз жару жұмыстары 20 наурызға дейін жалғаспақ.

СНХР: ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ – СҚО ТЖД ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ