Халықаралық әйелдер күніне орай елордада салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ әйел азаматарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Марапатталғандардың арасында жерлестеріміз де бар. Президент Шал ақын ауданы, Жаңажол ауылдық округінің мал дәрігері Гүлмәрия Уайысоваға «Шапағат» медалін табыс еті.