Облыста «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны басталды. Іс-шараның тақырыбы - Су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау. Жиынға Түмен облысы бойынша Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі бас басқармасының өкілдері де қатысты.

Ең алдымен, «баршаның назарына» атты дабыл қогсылып, құлақтарындыру жүйесі тексерілді. Айта кетейік, үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасқан. Ал, облыстағы оқу – жаттығу жиыны Ғ. Мүсірепов ауданы Новоишимское ауылындағы штабта өтті.

Оқу-жаттығу барысында құтқарушылардың төтенше жағдайға дайындығы тексерілді. Олар тұрғындарды және жануарларды эвакуациялап, бөгеттерді нығайтты сондай-ақ, өртті сөндіру секілді тиісті міндеттерін орындады.

СНХ: МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Оқу – жаттығу жиынына құтқарушылардан бөлек медицина қызметкерлері де қатысты. Дәрігерлер науқастарға алғашқы көмек көрсетіп, дайындықтарын пысықтады. Ресейлік құтқарушылар іс-шараның басы аяғында болып, жағдаймен танысып,жергілікті мамандармен өзара тәжірибе алмасты.

СНХ: АНДРЕЙ УМАРОВ, ТҮМЕН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША РЕСЕЙ ТЖМ БАС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиынында былтыр су тасқыны кезінде көмек көрсеткен тұрғындар да назардан тыс қалмады. 10-ға жуық азамат аудан әкімінің атынан және облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінен алғыс хатқа ие болды. Солардың бірі – Күмісбек Ыбыраев. Ол 5 жылдан астам уақыт бойы «Артосам» ЖШС - де механизатор болып жұмыс істеп келеді.

СНХ: КҮМІСБЕК ЫБЫРАЕВ, «АРТОСАМ» ЖШС МЕХАНИЗАТОРЫ:


Облыста өткен «Көктем – 2025» оқу –жаттығу жиынына жеке құрамнан 150-ге жуық адам қатысып, 40-тан астам техника жұмылдырылды. Бұліс-шара 2 күнге шақталған.