Халықаралық әйелдер күніне орай қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде адал қызмет атқарып жүрген қыз-келіншектер марапатталды. Салтанатты жиында 90-ға жуық қызметкер құрметке бөленді. Сондай-ақ, олардың ата-аналары мен ардагер қызметкерлерге алғыс хат табыс етілді.

Бүгінде облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 250-ге жуық қыз-келіншек жұмыс істейді. Бұл барлық қызметкерлердің 40 пайыздан астамын құрайды. Фариза Әлжанова қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жарты жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Салтанатты жиында департамент бастығының грамотасымен марпатталды.

СНХ: ФАРИЗА ӘЛЖАНОВА, СҚО ҚАЖД №66 МЕКЕМЕСІ РЕЖИМ ЖӘНЕ КҮЗЕТ БӨЛІМІНІҢ ОПЕРАТОР-БАҚЫЛАУШЫСЫ


Жиында барлығы 60-тан астам маман марапатталды. Сондай-ақ, 8-наурызға орай ұйымдастырылған фотоконкурстың да жеңімпаздары анықталды.

СНХ: ЗАРИНА БАЙҚАДАМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ


Марапаттау рәсімі мерекелік концертпен жалғасын тапты.