Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқару Парламент ұйымдастырған көшбасшылар форумы өтті. Іс- шараға облыс орталығындағы түрлі мектептердің өзін-өзі басқару ұйымының 60-қа жуық өкілі жиналды.

Қатысушылар көшбасшылық тақырыбын талқылап, тәжірибе алмасып, бір-бірімен үздік тәжірибелерімен бөлісті.

Форум аясында оқушыларға өзін-өзі басқару құрылымындағы министрліктердің жұмысы туралы айтылды. Сондай-ақ, NIS оқушылары мектеп қауымдастығы үшін жүзеге асырған іс-шаралардың кейстері талқыланды. Бұл қатысушыларға құнды тәжірибе алып, өз мектептерінде өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған жаңа идеялармен шабыттануға мүмкіндік берді. Бұл кездесу көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және мықты оқушылар қауымдастығын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Форум ашық диалог алаңына айналып, қатысушылар идеяларын талқылап, болашақ бастамаларды жоспарлады. Оқушылар жаңа білім алып, оларды іс жүзінде қолдануға дайын екендерін айтты.