Білікті баланы білімді маман тәрбиелейді. "Салтанат" бөбекжайында ширек ғасыр еңбек етіп, балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп жүрген тәрбиешілердің бірі - Айгүл Бекбердина. Тәжірибелі ұстаз алдынан осы уақытқа дейін жүздеген бүлдіршін өтті. Мереке қарсаңында түсірілім тобы әр баланың тілін тапқан тәрбиешімен кездесіп қайтты.

Тәрбиеші бала өмірінде маңызды орын алатын ерекше жандардың бірі. Ал мына балалар әр үйдің еркесі, кенжесі. Олардың тілін табу айтарлықтай оңай нәрсе емес.

Күнделікті күйбең тірЛІктің қамымен жүріп, ата-аналар кейде ұл-қыздарымен сөйлесуге де уақыт таппайды. Олар балаларын таңертең бала-бақшаға әкеліп, тәрбиешілерге сеніп тапсырады. Балақайлардың жүрегіне жол тауып, тәрбиенің өзегін сеуіп жүрген білікті мамандардың бірі - Айгүл Бекбердина. Ол балабақшада 25 жыл жұмыс істеп келеді.

СНХ: АЙГҮЛ БЕКБЕРДИНА, "САЛТАНАТ" БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ" МКҚК ТӘРБИЕШІСІ


Айгүл Хайроллқызы сабақты көбіне ойын түрінде өткізеді. Бастапқыда орысша шүлдірлеп келген бала осы жерде қазақшаны үйренеді. Тәрбиешінің де мақсаты осы – бала бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру. Тәрбиешілік жұмысынан бөлек білікті маман қоғамдық істерге де белсене араласып тұрады.

СНХ: МАЯТАЙ МАПЕНОВА "САЛТАНАТ" БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ" МКҚК ТӘРБИЕШІСІ


Айгүл Қайролқызы отбасында аяулы ана, ардақты жар. Бала жанының бағбаны бүгінде өзі де 3 немере тәрбиелеп отырған ардақты әже. Ұрпақ тәрбиесіне тікелей араласып, балабақшада баланың «іргетасын» қалауға атсалысып жүрген осындай тәрбиешілер барына көңіл қуантады.