Қазгидромет республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, көктемнің алғашқы айында орташа айлық температура 4,1-6,1°С градус болады. Бұл нормадан 2°С-қа жоғары.
Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 19-24 градус аяздан 9-14 градус аязға дейін ауытқиды. Онкүндіктің соңында ауа температурасы төмендейді деп болжанған.
ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Екінші онкүндікте ауа-температурасы түнде 13-18 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, күндіз 8-13 градус аяздан2-7 градус жылы. Кей жерлерде 1 градус аязға дейін ауытқуы күтілуде.
Үшінші онкүндіктің соңында өңірдің кей аудандарында ауа температурасы 8 градусқа дейін жоғарыламақ. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде 11 градус, ал күндіз 2-6 градус аязға болмақ.
ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Жауын-шашынның айлық мөлшерің нормадан көп болады деп күтіледі. Жауын-шашын, жел секундына 15-20 метр көбінесе бір ай ішінде, қар бірінші онкүндікте, екінші онкүндіктің басында және соңында және үшінші онкүндіктің басында болады деп болжанады. Тұман бірінші онкүндіктің екінші жартысында, екінші онкүндіктің басында және соңында, үшінші онкеүндіктің соңынд күтіледі.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, облыста 2008 жылдың наурызында ауа температурасы +14 градусқа жетіп, ең жылы ай ретінде есте қалған. Ал ең суық наурыз айы 1954 жылы тіркелді, термометр бағаны -36 градусқа дейін төмендеген.