С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Сахнада өлеңдер оқылып, би биленіп, әсем әндер шырқалды. Сондай-ақ, әйелдер қауымына шынайы алғыс сөздері айтылды.
Әйел – табиғаттың ең үлкен кереметі, шабыттың бастауы және шексіз махаббаттың символы. 8 наурыз – жүректегі алғыс пен ілтипатты ең жақын жандарға білдіретін ерекше күн. Қонақтар үшін мазмұнды бағдарлама дайындалды: сахнада мемлекеттік қызметкерлер, Ұлттық ұлан курсанттары және қаланың өнерпаз ұжымдары өнер көрсетті.
Концертте аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Себебі ана – әр адамның өміріндегі ең қымбат жан. Ол баланың әлемін қамқорлыққа, жылулыққа және шексіз сүйіспеншілікке бөлейді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының курсанттары гитарамен ана туралы музыкалық нөмір ұсынды.
Осы кеште әйелдер ең ізгі тілектер мен жылы лебіздерге бөленді.